ТАЛАПКЕР!

     Балқаш маңызды білім беру колледжі академик  Ж. С. Ақылбаевтың қолтумасы, «Колледж - ЖОО» жүйесіндегі үзбей білім беру ошағы болып табылады. Құрылтайшылары Қарағанды  «Болашақ» академиясы мен «Болашақ» серіктестігінің қажырлы еңбегінің арқасында  2005 жылы  құрылды.

      Ж.С.Ақылбаевтың маңызды білім беру колледжі  облысымыздағы беделді оқу орындарының бірі ретінде мемлекеттік және орыс тілінде күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша әр түрлі бағытта мамандарды даярлайды. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту жолға қойылған. Сондықтан  болашақ “Болашақтан” басталады  деп нық сеніммен айтуымызға  болады.

Техникалық қызмет, автомобильді  пайдалану және жөндеу 

Техникалық  қызмет, электр және электро-механикалық құралдарды жөндеу мен пайдалану

ҚАБЫЛДАУ

ЕРЕЖЕЛЕРІ

АКАДЕМИК Ж.С.АҚЫЛБАЕВТЫҢ БАЛҚАШ МАҢЫЗДЫ БІЛІМ БЕРУ КОЛЛЕДЖІНІҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

· Білім алушыларға оқу ақысы бойынша берілетін жеңілдіктер

· Оқудың тиімді төлем ақысы

· Өндірістік  тәжірибенің кең базасы

· Маңызды да қызықты студенттік өмір

· Студенттердің денсаулығы білікті маман дәрігерінің бақылауында болады

· Оқу орнын бітірген түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі

· Сонымен қатар біздің түлектер оқуларын Қарағанды «Болашақ» Академиясында жалғастыра алады

       - БАКАЛАВРИАТ, 

       - МАГИСТРАТУРА

Оқуға түсуге қажет құжаттар:

 

· Оқуға қабылдау туралы өтініш;

· Білім туралы құжат (түпнұсқа, көшірмесі);

· ҰБТ/КТ сертификаты;

· Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі;

· 086-У нысандағы медициналық анықтама, флюороснимок;

· Форма 063;

· 4 фото сурет 3х4;

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Күндізгі оқу нысанына

20 маусымнан 20 тамызға дейін

Сырттай оқу нысанына

 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін

АКАДЕМИК  Ж.С. АҚЫЛБАЕВТЫҢ
БАЛҚАШ МАҢЫЗДЫ БІЛІМ БЕРУ КОЛЛЕДЖІ –

СІЗДІҢ СЕНІМДІ ТАҢДАУЫҢЫЗ!