«Халқым, елім, жерім, Атамекенім! Бірлігіміз білектің күшіндей еді ғой. Аш – жалаңаш қайда беттеп барамыз? Қара шаңырағым шайқалып, жерімізден қуылып қайдан, кімнен пана іздейміз?Күнім не болады, заманым не болады, ұрпағымның күні не болады? Қу құдай, Жаратқан ием, қолдай көр! Не жаздым бұл өмірде? Найзаның ұшында , қылыштың жүзінде жүріп, ата-бабаларымның қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой!»
Дәл осындай зарлы үн XX ғасырдың басында қазақтың жерін жайлап еді. Қайран, қазақ елі... Бүгінгі ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер, мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Біз бүгін басып жүрген топыраққа ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамып келген.
2018 жылдың 29 мамыр күні "31 МАМЫР - САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ" күніне орай Балқаш қалалық тарихи – өлкетану мұражайымен бірлесе отырып ашық тәрбие сағаты жүргізілді.1930-шы жылдарындағы ашаршылық және репрессия тақырыбын терең зерттеп, "Зарзаман" кітабында өткір тілмен баяндап берген өлкетанушы,қаламыздың жанды энциклопедиясы Сардарбек Күләш Ыбыжанқызымен кездесу болды. Кездесу барысында Күй "58 статья" кітабы көп жылдар ел ауызынан,мұрағат қорларынан жинақтаған тарихи деректер туралы студенттерге мәлімет берді.

КопияКопияКопия

2018 жылдың 16 мамыр күні колледж студенттері Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-теxникалық колледжінде "Жастар жаңа әліпбиді қолдайды!" тақырыбында қалалық студент жастар форумына қатысты. Форумға қатысқан жастар Елбасы бекіткен латын әліпбиіне тоқталды.

КопияКопия

Оқу жылы аяқталып келеді. Ал, маусым айының бірінен суға шомылу мерзімі ашылады. Су қоймалары, көлдер мен өзендер жағалаулары жанданады. Бұл жерлерде мыңдаған адамдар өздерінің бос уақыттарын өткізуде. Шыжыған ыстықта қалай ғана суға шомылмасқа, сергімеске? Қызығушылықтың сондай зор, тіпті кейбір адамдар жүзе алмасада, су айдынын дұрыс білмеседе, қандай қатерлер күтіп тұрғанын ойланбастан суға лап қояды. 
Жаз кезеңінде су айдындарында қайғылы жағдайларға жол бермеу мақсатында,Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Абжанова Б.,Болатов А. студенттерге су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша видеоролик көрсетіп, таратпа қағаздарын тартып, профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Копия

Астана қаласының 20 жылдығы аясында,Отан Қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күніне арналған қалалық жеңілатлетикалық марафонда жас қыздар арасында (5 км) ІІІ орын алған "Құқықтану" мамандығының ІІ курс студенті Русланқызы Айгерімді құттықтаймыз.

04.05.2018 жылы колледж студенттері 53898 әскери бөлімінде "Отан қорғау қасиетті борышым" атты патриоттық сабаққа қатысты.

Студенттер арасында патриоттық сезімді ояту, вандализмді алдын алу мақсатында "Киелі мұрамызға құрмет" акциясы бойынша колледжге берілген мәдени ескерткіш "Балқашқұрылыс трестіне 50 жыл" осы ескерткіштің шығу тарихы жайлы айтып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

2018 жылдың 5 мамыр күні Балқаш қаласының оқушылар сарайында біздің колледж студенттері ұшқыш лейтенант Ардана Ботаймен кездесті.Кездесуде Ардана өзінің өмірбаянын,қызмет жолынмен жетістіктерге жеткені туралы айтты.

1/18

Please reload